“BIR TOLQYNDA” диалог алаңында Президент Жолдауы талқыланды

Кездесу барысында қатысушылар Президент Жолдауында белгіленген ел дамуының басым бағыттарын, жастарға артылған сенім мен жауапкершілікті жан-жақты талқылады. Әсіресе, білім сапасын арттыру, жастарды кәсіпкерлікке баулу, цифрландыруды дамыту, экологиялық мәселелерді шешу сынды міндеттердің өзектілігі сөз болды.
Жастар ұйымының өкілдері жас буынның ел болашағын айқындайтын басты күш екенін атап өтіп, олардың белсенділігі мен жаңа идеяларының қоғам өмірінде ерекше маңызға ие екендігін жеткізді. Өз кезегінде мектеп оқушылары да Жолдау аясындағы бастамаларға қызығушылық танытып, пікірлерін білдірді.
Жиын соңында ұйымдастырушылар мұндай диалог алаңдары жастардың саяси сауатын арттыруға, олардың қоғамдық өмірге белсенді араласуына жол ашатынын, сондай-ақ мемлекет пен жас буын арасындағы байланыс көпіріне айналатынын атап өтті.
#AMANAT