Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жастар “BIR TOLQYNDA” диалог алаңын құрды

Жастар “BIR TOLQYNDA” диалог алаңын құрды

Еліміздің болашағы – жастар. Қоғамның әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына олардың қосар үлесі зор. Осы орайда жас буын өкілдерінің бастамасымен “BIR TOLQYNDA” атты жаңа диалог алаңында жастар басқосты.

Аталған алаңның негізгі мақсаты – жастардың еркін ой айтуына, пікір білдіруіне мүмкіндік жасау, оларды ортақ мүддеге топтастыру және қоғамдық бастамаларды қолдау болып табылады. “BIR TOLQYNDA” алаңы арқылы жастар өзекті мәселелерді ашық талқылап, нақты ұсыныстар әзірлеуге жол ашпақ.

Осы ретте, аудан жастары, студенттері, белсенді көшбасшылары бір алаңға тоғыса отырып, түрлі тақырыптар мен жастар арасындағы мәселелерге тоқталып өздерінің ашық ойларын ортаға жеткізді.

#AMANAT
11 қыркүйек 2025 ж. 452 0