Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ел ертеңі – жалынды жастар

Ел ертеңі – жалынды жастар

Аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Әнуар Тоқтамысов үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында жастармен кездесу өткізді.
– Тәуелсіз елдің алтын діңгегі, болашағы жастар екендігі хақ. Қазіргі қоғам жастары егемендіктің оңай жолмен келмегенін білуі тиіс. Себебі бүгінгі жастар – ертеңгі ел болашағы. Қоғамның қозғаушы күші деп саналған жастарға мемлекет тарапынан түрлі бағытта жан-жақты қолдау мен демеу жеткілікті. Бүгінде оларға тиесілі түрлі нұсқада бағдарламалар мен жобалар дер кезінде жүзеге асуда. Жастар тарапынан қандай да бір тың тақырыптағы жобалар мен идеялар болса, оны жүзеге асыру үшін түрлі бастамаларға да басымдық берілуде, – деді Ә.Тоқтамысов.
Кездесуде үміткер жастарға алда келе жатқан сайлау науқанының басты ерекшеліктерін түсіндіріп, ел болашағы үшін белсенді болуға шақырды. Сонымен қатар «Nur Otan» партиясы сайлауалды бағдарламасында көрсетілген міндеттер сөз болып, жастардың рухани-мәдени және шығармашылық тұрғыда жетілуіне қажетті мәселелері талқыланды. Яғни жастардың қоғамдық белсенділігін арттырып, түрлі бағдармаларға қатысудың мән-жайы айтылды. Кәсіпкерлік бағыттағы қолдау шаралары мен білімді жетілдіру, заманауи мамандықтарды игеру және тағы басқа ортақ әңгіме арқауына айналды.
Еркін форматта өрбіген кездесуде аудандық мәслихат депутаттығына үмітті кандидаттар жастарды «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды. Сондай-ақ халықтың мүддесін түгендеп, қоғамның талап-тілектерін ескерген саяси құжаттың маңызын тілге тиек етті. Кездесу аясында жастардан келіп түскен ұсыныстарды ескере отырып жасалған сайлауалды бағдарламадағы жастардың әлеуметтік ахуалын жақсарту және дамыту бағытындағы ойларын да ортаға салды. Кандидат өз тарапынан бағдарламаның мақсат-міндеттерін бірлесіп іске асыруға шақырса, жастар елдің қоғамдық-саяси өміріне араласуына, білім алып, еңбек етудегі мүмкіндіктері бойынша пікірлерін жеткізді. Жастар өз тарапынан «Nur Otan» партиясын елдің партиясына айналғанын қолдайтындарын жеткізді.

«Nur Otan» партиясының Қызылорда облысы Арал ауданының сайлау қорының қаражатынан төленді
28 желтоқсан 2020 ж. 685 0