Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жастар жұмыссыздығы 3,9%-ке дейін төмендетілді

Жастар жұмыссыздығы 3,9%-ке дейін төмендетілді

7 мың жас, оның ішінде 1 мың адам жыл сайын жазғы кезеңге «Жасыл ел» еңбек жасағын ұйымдастыру арқылы жұмысқа орналасады. Ал 3 мың жас «Жас кәсіпкер» және «Бастау бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік бағытында оқытылатын болады. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы облыстық сайлауалды штабының мүшесі Ануар Дәуленбаев Байқоңыр қаласының жастарымен өткен кездесуде мәлімдеді.
Жастар – ел болашағы. Жаңа ұрпақ мемлекетіміздің стратегиялық бағытының қозғаушы күші болуы тиіс. Бүгінде жастар бастамаларын дамытудың өңірімізде 9 орталығы жұмыс істейді, олар жастардың патриоттық тәрбиесіне, бос уақытын ұйымдастыруға, рухани-адамгершілік, азаматтық-құқықтық және дене шынықтыру деңгейін арттыруға бағытталған іс-шараларды өткізуді жалғастырады.
Жастар ресурстық орталықтарының жанында волонтерлікті дамыту орталықтары жұмыс істеп тұр. «Nur Otan» партиясының және оның «Jas Otan» жастар қанатының жастармен жұмыс барысында әлеуметтік лифтілерді құруға, «7-20-25» бағдарламасы бойынша жас отбасылар үшін тұрғын үй мәселесін шешуге, жұмысқа орналасуға, білім беруге баса назар аударылатын болады. Сондай-ақ, «Nur Otan» партиясы жоғарыда атап өткен жұмыстармен қатар келелі волонтерлік қызметке кемінде 8 мың еріктіні тарту, оларға әдістемелік көмек көрсету және оларды түрлі бағыттағы іс-шараларға қосу, аз қамтылған отбасылардан шыққан 3,5 мың студентке қоғамдық көліктерде жол жүруге жыл сайын әлеуметтік көмек бөлу, жас мамандардың тұрақты жұмыспен қамтылу деңгейін арттыру және тұрақты жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде «Бірінші жұмыс орны» және басқа да жобаларды іске асыру жоспарлап отыр. Осы шаралар жүзеге асыру арқылы жастар жұмыссыздығы 3,9%-ға дейін төмендетілітін болады. Әрине бұл жұмыстарды бірлесіп атқару үшін партияны қолдап дауыс беру сіздерге аманат,- деді Әнуар Дәуленбаев.


kyzylorda-news.kz​​​
23 желтоқсан 2020 ж. 347 0