Қызылорда: Жастарды жұмыспен қамту мәселесі талқыланды

Мәселен, кей жастар үшін жұмыспен қамту өзекті болуда. Жұмыссыздықты алдын алу мақсатында бүгін жастар ресурстық орталығында қала жастармен кездесу ұйымдастырылды. Онда «Nur Otan» партиясы Теміржол филиалы төрағасының бірінші орынбарсары Базара Танбаева, «Nur Otan» партиясы Қызылорда қалалық филиалының консультанты Димаш Кенжеәлиев және қалалық жұмыспен қамту орталығының маманы Берік Исатайұлы кездесуде сөз алып, жас буынды еңбекқор болуға үндеді.
«Елбасымыз еліміздің болашағы – жастардың қолында екендігін жиі жеткізеді. Осы бағытта Қазақстан Республикасындағы «Мемлекеттік жастар саясаты» туралы заңы аясында нақты шаралар мен міндеттер тиісті деңгейде орындалып келеді. Елімізде әр бағытта жүзеге асып жатқан жобалар жастардың өмір сапасын жақсартуға негіз болары да сөзсіз. Айта кетерлігі, жастар еңбек етуге құлшынысын жоғалтпау керек. Олар жұмыс істеуге белсенділікпен кірісіп, өзіне-өзі жұмыс іздеп, жалқаулыққа бой алдырмауы тиіс», – деді «Nur Otan» партиясы Теміржол филиалы төрағасының бірінші орынбарсары Базара Танбаева.

Жиынға жиналған жастар жұмыссыздықты алдын алу мақсатында өз сауалдарын жолдап, ұсыныстарын жеткізді. Сондай-ақ, бағыт берушілер сұрақтарға жауап беріп, мемлекеттік бағдарламаларға тоқталды.
Айта кетейік, бүгінде жастар арасында түрлі мәселелердің алдын алуға қатысты «Дипломмен ауылға», «Жастар кадрлық резерві», «Жастар тәжірибесі», «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламалары жемісті жүйесін беріп келеді.
kyzylorda-news.kz