Аудан жастары арасында «Рухтастар cases» диалог алаңы өткізілді
Бүгін аудандағы жастардың қатысуымен «Рухтастар cases» диалог алаңы өткізілді. Мұнда Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы талқыланып, түсіндіру жұмыстары жасалды.
Диалог алаңында бес бағыттан тұратын биылғы Жолдаудың халық игілігіне бағытталған бастамаларға толы екені айтылды. Содан кейін Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру мақсатында жаңа экономикалық бағдар қалыптастыру, мемлекетті билеу жүйесін қайта жаңғырту, денсаулық сақтау, білім беру сапасын жақсарту, ең төменгі күнкөріс деңгейіндегі жалақыны жоғарылату, бала күтімі үшін төленетін төлемақы мерзімін ұзарту сияқты жағымды жаңалықтар туралы талқыланды.
Жолдау нәтижесінен үмітті жастар ақпараттық-насихаттық топ мүшелеріне өздерінің сауалдарын қойып, талап-тілектерін білдірді. Жиын соңында кездесуге келушілер Жолдау міндеттерінің жүзеге асуына жұмыла кірісетінін жеткізді.
"Толқын" ақпарат