Аралдықтар жолдауды қолдайды

Ақпараттық-насихаттық топ мүшелері түсіндіру жұмыстары барысында еліміздегі саяси реформалардың жаңа саяси дәуірдің басталуына ықпал ететінін айтты. Сонымен қатар саяси бастамалардың ашықтық, әділдік және өзара сенім арқылы жүзеге асуы тиіс екендігін де ескеріп өтті.
Жиында Президентті бір мерзімге ғана сайлау нормасының еліміздегі жаңа саяси дәуірдің басталуына ықпал ететіндігі ескерілді. Биылғы Президент сайлауы, келесі жылғы Мәжіліс және мәслихат депутаттарының сайлауы Үкімет құрамының қайта жасақталып, халық қалаулыларының жаңа легі пайда болуына әкелетіндігі айтылды. Кездесу осы саяси өзгерістер нәтижесінде 2023 жылы негізгі саяси институттардың бәрі қайта жаңарады деген мәнде қорытындыланды.
Жиынға келушілер еліміздегі саяси өзгерістердің жүзеге асуына үлес қосатындығын, Жолдау жүктеген міндеттер мен мақсаттардың өз дәрежесінде орындалуына ат салысатынын жеткізді.