Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудандық штаб мүшелері білім саласы қызметкерлерімен кездесті

Аудандық штаб мүшелері білім саласы қызметкерлерімен кездесті

Аудандық штаб мүшелері білім саласының қызметкерлерімен жүздесіп, Жолдау аясындағы саяси бастамалар туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Жолдауда «Елімізде орын алғалы отырған ауқымды саяси өзгерістер ашықтық, әділдік және өзара сенім арқылы жүзеге асуы керек» делінген болатын. Кездесуде көтерілген негізгі мәселелер де осы төңірегінде өрбіді.
Мұнда көтерілген басты мәселелер жаңа президенттік жүйе, Президент, Парламент, Үкімет сияқты саяси институттардың қайта жаңғыруы туралы болды. Аудандық штаб мүшелері бұл саяси өзгерістердің бәрі саяси тұрақтылықты нығайтатындығын айрықша атап өтті.
Жиында Президентті бір мерзімге ғана сайлау нормасының еліміздегі жаңа саяси дәуірдің басталуына ықпал ететіндігі ескерілді. Биылғы Президент сайлауы, келесі жылғы Мәжіліс және мәслихат депутаттарының сайлауы Үкімет құрамының қайта жасақталып, халық қалаулыларының жаңа легі пайда болуына әкелетіндігі айтылды. Кездесу осы саяси өзгерістер нәтижесінде 2023 жылы негізгі саяси институттардың бәрі қайта жаңарады деген мәнде қорытындыланды.
Жиынға келушілер еліміздегі саяси өзгерістердің жүзеге асуына үлес қосатындығын, соның дәлелі ретінде алдағы сайлау жұмыстарының өз деңгейінде өтуіне атсалысатынын жеткізді.
"Толқын" ақпарат
06 қазан 2022 ж. 386 0