Жоғары колледж ұжымы жаңашылдықты қолдайды

Жиында рефендумға қатысты тың ойлар айтылып, штаб мүшелері «Жаңа Қазақстанды» бірге құруға шақырды.
«Конституциялық референдум мемлекеттік басқару жүйесін өзгертіп, елдегі саяси ахуалға жаңа дем береді. Бұл – «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» идеясының нақты жүзеге асуының дәлелі. Сонымен қатар мажоритарлы сайлау жүйесінің енгізілуі сайлаушылардың республикалық қана емес, жергілікті жердегі де мүддесін жіті қорғауға мүмкіндік туғызады. Ұйым қызметкерлерін ел тағдырын айқындайтын осынау маңызды кезеңде белсенділік танытуға шақырамын»,– деді Парламент Мәжілісінің депутаты Ғалым Әміреев.
Сондай-ақ білім саласының өкілдерімен кездесуге облыстық штабтың мүшесі Мақсұт Нәлібаев және қалалық штаб мүшелері де қатысып, санаулы күндер қалған саяси шараның халықтың қолдауы арқылы жүзеге асатындығын атап өтті.
Кездесу соңында ұйым қызметкерлері аманаттықтарға өз ықыластарын білдіріп, Жаңа Қазақстан құру жолында мемлекетке үлкен сенім артатындарын жеткізді.
