Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Республикалық қоғамдық штаб мүшелері Жаңаталап ауылында

Республикалық қоғамдық штаб мүшелері Жаңаталап ауылында

Республикалық қоғамдық штаб мүшелері, «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшелері Бақытбек Смағұл мен Геннадий Шиповскихтің референдумның маңыздылығын қолдау бойынша жұмыс сапары Жаңаталап ауылында жалғасты.
Мемлекеттік басқару жүйесін өзгертіп, елдегі саяси ахуалға жаңа дем беретін Конституциялық референдум – жалпыхалықтық деңгейде алғаш өткізіледі. Бұл – «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» идеясының нақты жүзеге асуының дәлелі.
Мажоритарлы сайлау жүйесінің енгізілуі – сайлаушылардың республикалық қана емес, жергілікті жердегі де мүддесін жіті қорғауға мүмкіндік туғызады.
Партиялық жүйені дамыту мен олардың мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында – саяси партияны тіркеу талабы 20 мың адамнан 5 мың адамға төмендейді. Өңірлік өкілдіктер саны 600-ден 200-ге азайып, бастамашыл топ саны 1000-нан 700-ге қысқарды. Бұлардың барлығы Әділетті Қазақстанды құрудың алғышарты.
Алдағы референдум – Қазақстанның болашағын айқындайды. Бұл – пафосты бөспе сөз емес, себебі егер конституциялық реформа қабылданса, онда саяси жүйемізде айтарлықтай өзгерістер жасалады. Ол өзгерістер қоғамды ашық етуге бағытталған. Енді осы өзгерісті Парламент депутаттары өздері дауыс беріп, бекіте алмайды. Ол үшін халықтың қолдауы қажет. Сондықтан әрбір азаматымыз 5 маусым күні дауыс беріп, осы тарихи бетбұрысты жасауға өз үлесін қоса алады.
"Президентіміз ұсынған оң өзгерістер мен реформалардың іске асуына, Жаңа Қазақстанның қалыптасуына үлес қосу – әрқайсымыздың негізгі азаматтық борышымыз" – деді ардагерлер кеңесінің төрағасы Ахатайұлы Ақарыстан.
Республикалық қоғамдық штаб мүшелерімен бірге «AMANAT» партиясынан атынан сайланған Гүлзат Құрманбаева, Жанболат Тәттібаев, Ахан Кенжебаев, Ұлжахан Тәжібаева, Еркін Базарбайұлы қатысты.
12 мамыр 2022 ж. 674 0