Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Насихаттық топ Жолдау бағыттарын түсіндіруде

Насихаттық топ Жолдау бағыттарын түсіндіруде

Ақпараттық-насихаттық топ мүшелері Қамыстыбас ауылдық округінде жиын өткізді. Кездесуде ҚР Президентінің «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында қамтылған саяси бастамалар туралы сөз қозғалды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің халыққа арналған биылғы Жолдауын мынадай жолдармен бастаған болатын: «Биыл біз жаңа кезеңге қадам бастық. Халқымыз жалпыұлттық референдумда саяси жаңғыру бағдарын қолдады. Еліміздегі саяси жаңғыру енді экономикалық өзгерістерге ұласуға тиіс».
Ақпараттық-насихаттық топ мүшелері түсіндіру жұмыстары барысында еліміздегі саяси реформалардың «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласымен жүзеге асырылып жатқандығын айтып өтті. Бұл тұжырым қоғамымыздың мызғымас тұғыры екені Жолдау мазмұнында да қамтылған.
Жиын соңында топ мүшелері Жолдауға сүйене отырып, ендігі міндет саяси мәселелердің бәрін кейінге қалдырмай шешу қажет екендігін айтты. Ал ол үшін бірінші кезекте алдағы сайлау кезеңдерін тиімді жоспарлау керек деген тұжырым жасалды.
Ауыл тұрғындары да өз кезегінде еліміздегі саяси бастамалар турасында талқылау жасап, ой-пікірлерін қосты.

"Толқын" ақпарат
06 қазан 2022 ж. 339 0