Ауған соғысының ардагерлері бастаманы бірауыздан қолдайды
Ақпараттық-насихаттық топ мүшелері Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауындағы басым бағыттарды түсіндіру жұмыстары жасалды.
Жиында еліміздің экономикасын нығайту, билік жүйесін қайта жаңғырту, денсаулық сақтау саласында жасалғалы отырған реформалар, білім беру жүйесіндегі өзгерістер, еңбекақыны нарықтық жағдайға сай өсіру мәселелері туралы сөз болды. Сондай-ақ Президентіміз зейнетақы жүйесін де қайта жаңғыртатынын айтқан болатын. Жолдауда «зейнетақының ең төменгі базалық мөлшерлемесін біртіндеп ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызына, ал жоғарғы шегін 120 пайызына дейін жеткізу қажет» деген нақты мақсат қойылған еді. Ардагерлер бұл оң бастаманы бірауыздан қолдап, қуанғандарын жасырмады.
Кездесу соңы ардагерлердің сұрақтары мен талап-тілектеріне ұласты. Сонымен қатар олар Жолдау міндеттерінің лайықты деңгейде орындалып, нәтижелі болуы үшін өз үлестерін қосатындықтарын жеткізді.
"Толқын" ақпарат