Жолдау жастардың болашағына бағыт-бағдар берді

Аудандық штаб мүшелері колледж студенттеріне Жолдаудағы білім беру жүйесіне байланысты жүзеге асырылуы тиіс басты мақсаттарды мәлімдеді. Білім алушыларды ерекше қуантқан бастамалардың қатарында жылдық өсімі 2-3 пайыз болатын несиенің берілуі, студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету болды. Кездесуге келген колледж студенттері бірауыздан Жолдау міндеттерінің орындалуы арқылы сапалы білім алып, ел болашағының жарқын болуына үлес қосатынын жеткізді.



"Толқын" ақпарат