Жолдау негізіндегі бағыттарға тоқталды

Жиын барысында саяси жаңғыру, экономиканы әртараптандыру, ауылдық жерлердегі инфрақұрылымды дамыту, әлеуметтік мәселелерді шешу және жастарды қолдау жайы кеңінен сөз болды. Ұйым мүшелері Жолдауда айқындалған басымдықтардың елдің тұрақты дамуы мен халықтың тұрмыс сапасын арттыруға зор ықпал ететінін атап өтті.
Сонымен қатар қатысушылар алдағы уақытта Жолдауда көрсетілген міндеттерді орындау мақсатында бастауыш партия ұйымының да белсенді атсалысуы қажеттігін жеткізді.
#АМАНАТ