Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Ұлт қаһарманы – Сартай батыр"

"Ұлт қаһарманы – Сартай батыр"

Ұлт тарихын ұлықтау, тарихи тұлғалардың ерлігін дәріптеу және жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру мақсатында қаладағы №64 орта мектепте тарих пәні мұғалімдерімен «Ұлт қаһарманы – Сартай батыр» тақырыбында тағылымды кездесу өтті.

Кездесудің арнайы қонағы тарих ғылымдарының кандидаты, тарихшы-зерттеуші Исмузрин Жәнібек Аллаярұлы болды.
Кездесу барысында Сартай батырдың өмір жолы, ел тәуелсіздігі жолындағы ерлігі, тарихи кезеңнің ерекшеліктері мен батыр тұлғасының ұлт тарихындағы орны кеңінен сөз болды. Тарихшы-зерттеуші тың деректермен бөлісіп, қатысушылардың сауалдарына жауап берді.

Осындай мазмұнды кездесулер тарихшылардың кәсіби ізденісін арттырып, ұлттық тарихи сананы қалыптастыруға және өскелең ұрпаққа отандық тарихты терең танытуға зор ықпал етеді.

Фото:Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

30 қазан 2026 ж. 61 0