Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Университетте «Күміс университеті» жобасы жалғасуда

Университетте «Күміс университеті» жобасы жалғасуда

Kyzylorda-news.kzҚорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен «Күміс университеті» жобасы аясында аға буын өкілдеріне арналған танымдық-білім беру іс-шарасы өтті.
Онлайн және офлайн форматта ұйымдастырылған кездесудің мақсаты – егде жастағы азаматтардың қаржылық, құқықтық және цифрлық сауаттылығын арттыру, күнделікті өмірде қажетті білімдерін толықтыруға мүмкіндік беру.
Іс-шара барысында қатысушылар қаржылық қауіпсіздік пен құқықтық сауаттылық мәселелері бойынша ақпарат алды.
Университеттің комплаенс-офицері Әлібек Жаппасбаев қаржылық алаяқтықтың алдын алу жолдары туралы баяндады. Ол алаяқтардың кең таралған айла-тәсілдеріне, жеке деректерді қорғауға және қаржылық қауіпсіздікті сақтауға қатысты маңызды мәселелерді түсіндірді.
Ал экономика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы Мұрат Смайлов құқықтық сауаттылықтың маңызына тоқталды. Кездесу барысында азаматтардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін білуі, оларды қорғау жолдары және құқықтық мәселелер бойынша дұрыс шешім қабылдауы жөнінде пайдалы ақпарат ұсынылды.
Кездесу соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан жауап алды. Сонымен қатар заманауи технологияларды пайдалану және күнделікті өмірде қажетті білімді жетілдіру мәселелері талқыланды.
31 қазан 2026 ж. 61 0