«BIR TOLQYNDA» диалог алаңында жастарға қаржылық сауаттылық бойынша кеңестер берілді
«BIR TOLQYNDA» диалог алаңы аясында жастардың қаржылық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған танымдық кездесу өтті. Шара барысында қаржылық сауаттылықты арттыруға арналған арнайы бейне сабақтар көрсетіліп, қатысушыларға күнделікті өмірде кездесетін қаржылық тәуекелдер мен олардан сақтану жолдары кеңінен түсіндірілді.Арал көпсалалы колледжінің студенттері үшін ұйымдастырылған іс-шарада «Алаяқтық және қаржылық қауіпсіздік», «Дербес деректерді қорғау», «Инвестиция негіздері», «Білім алуға қалай ақша жинауға болады?», «Қаржылық қателіктер: олардан қалай сақтану керек?», «Ойындарда артық шығындалмау жолы», «Жасөспірім банктік картаны қалай пайдалануы керек?» сынды өзекті тақырыптар қамтылды.
Бейне сабақтар арқылы жастарға қаржыны дұрыс жоспарлау, жеке деректердің қауіпсіздігін сақтау, интернет-алаяқтықтан қорғану және болашаққа қаржылық мақсат қоюдың маңыздылығы нақты мысалдармен жеткізілді. Сонымен қатар, студенттер көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, пайдалы кеңестер алды.
Мұндай форматтағы кездесулер жастардың жауапты қаржылық мінез-құлқын қалыптастыруға, заң мен тәртіпті сақтай отырып, адал азамат болуына ықпал ететіні сөзсіз









