Қызылорда облысында игерусіз жатқан 1 570 гектардан астам жер мемлекетке қайтарылды
Қазалы ауданында жалпы ауданы 1 571 гектар жер учаскесінің пайдаланылмай отырғаны анықталды.
Ауыл шаруашылығы министрлігі пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді анықтау және оларды кейіннен ауыл шаруашылығы айналымына енгізу үшін мемлекет меншігіне қайтару бағытындағы жүйелі жұмыстарды жалғастырып жатыр.
Министрлікке қарасты Жер ресурстарын басқару комитетінің Қызылорда облысы бойынша жер ресурстарын басқару департаменті жүргізген тексеру жұмыстарының нәтижесінде Қазалы ауданында жалпы ауданы 1 571 гектар жер учаскесінің пайдаланылмай отырғаны анықталды.
Осыған байланысты департамент Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қою туралы талап арыз берді.
Сот шешімімен талап қою арызы толық қанағаттандырылып, нәтижесінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер мемлекет меншігіне қайтарылды.











