Бір футболшы неше мұғалімнің айлығын алады?

2018 жылғы орта есепке сүйенетін болсақ, Қазақстан футболшылары АПЛ ойындарынан 148 мың АҚШ долларын, яғни сол уақыттағы бағаммен 55 млн теңге алып отырған. Бұл – жалпы топтың айлығы. Адам басына шаққанда әрқайсысы шамамен кемінде 3 млн 500 мың теңгеден алды. Бір айдың ішінде екі-үш кездесу өткізіп, қосымша уақытпен есептесек, 300 минут ішінде осындай қаржыға ие болады.
Мұғалімдер айына 55480 теңге алады, егер тәжірибесі екі-үш жыл болса... 2019 жылдың маусым айының 1-інен бастап 10-30% аралығында көтеріледі- мыс. Шәкірттерді тәрбиелеп, білім беріп, екінші анасы секілді қарағандары үшін 66382 теңге көлемінде жалақы алатын болады. Қосымша сағаттар үшін төленетін ақша құны 3 мың мен 10 мың теңге аралығында.
Демек, бір футболшы елу бес ұстаздың жалақысын қалтасына салып отырады екен. Қазақстанды әлемге танытып жатқан футбол командалары емес, тағылым берген мұғалімдер екенін естен шығармайық.