Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Қадалма маған, түсіндің бе": Меруерт Түсіпбаева мен Жанар Хамитова ұрсысып қалды

"Қадалма маған, түсіндің бе": Меруерт Түсіпбаева мен Жанар Хамитова ұрсысып қалды

Меруерт Түсіпбаева мен Жанар Хамитова ұрсысып қалды

Әлеуметтік желіде қос жұлдыздың қатты ұрсысып қалған бейнежазбасы тараған. Түсіпбаева мен Хамитова бір-біріне ауыр сөз айтып, балағаттаған.
"Қарлығаштай қызға тисіп, сен ананы жасадың, мынаны жасадың деп. Қарным ашып отыр. Мен ондайларды өнерге жабысқан кене деймін", - дейді Меруерт Түсіпбаева.  
Меруерт Түсіпбаеваның сөзін көтере алмай қалған Жанар Хамитова сөзін бөліп, жауап қайтарған.
"Байымен айырылысты деп қадалма маған, түсіндің бе?" - дейді Жанар Хамитова.
Желі қолданушылары өнер жұлдыздарының бұл қылығына өз болжамдарын жасап, пікірлерін білдірген. 
"Жанар өзгеріп шыға келді. Шын бейнесін көрсетті" , "Түсіпбаеваға осы не жоқ? Үнемі көре алмай отырады біреуді" , "Дұрыс айтады Меруерт. Шындық болған соң, Жанарға осылай әсер етті оның сөздері, жылағысы келіп отыр" , "Жанар жарайсың өзіңді ренжітуге ешкімге мүмкіндік берме", - десті жұрт.
23 мамыр 2019 ж. 2 531 0