Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Мейрамбекке кім ғашық болмады": Мәдина Сәдуақасованың жаңа бейнебаяны жарық көрді

"Мейрамбекке кім ғашық болмады": Мәдина Сәдуақасованың жаңа бейнебаяны жарық көрді

Мәдина Сәдуақасованың жаңа бейнебаяны жарық көрді

Мәдина Сәдуақасованың "Үнсіздік" әніне түсірілген бейнебаяны тыңдарманға жол тартты. Бір қызығы өнер иесінің бұл туындысында Мейрамбек Беспаев актер ретінде ойнап шыққан. Туындыда Мәдина Сәдуақасова мен Мейрамбек Беспаев бір-біріне ғашық адамдардың образын сомдаған.
Бейнебаян желісі бойынша Мәдина Сәдуақасова балалық шағын еске алып, бұрынғы ғашығы Мейрамбек Беспаевтың суреттерін қарап отырады. Бұрынғы уақытқа ойша сапар жасаған Мәдина Сәдуақасова дыбыс жазу студиясында Мейрамбек Беспаевпен кездеседі.
Бейнебаян жұрттың көңілінен шыққан сияқты. Желідегілер әншіге жағымды пікірлер жазып, туындының сәтті шыққанын жарыса жеткізді.
"Мейрамбекке кім ғашық болмады?", "Басқаларын қайдам, Мәдинаның дауысын тыңдасам демаламын", "Мейрамбекті бағалап, сыйлайтынын білдіргісі келген шығар деп ойлаймын", "Қандай әсерлі ән, балалық шақ еске түседі", - дейді жұрт.
http://stan.kz
24 мамыр 2019 ж. 1 080 0