Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Бұдан зорын жасағам: Сәдуақасова ашық-шашық суретін сынағандарға ашық жауап берді

Бұдан зорын жасағам: Сәдуақасова ашық-шашық суретін сынағандарға ашық жауап берді

Желіде сексуалды суреттерін жариялап, қатал сынға ұшыраған Мәдина Сәдуақасова көпшіліктің сынына жауап берді. Әнші сезімге толы фотосессиясын осыдан жеті күн бұрын жасатқанын айтты.

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі НТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Көпшілік Мәдинаның суреттерін көріп жағасын ұстағанымен, өнер иесінің өзі суреттен оғаш қылық көріп тұрған жоқпын, дейді.
«Ешнәрсе ашық-шашық емес. Бір ұят нәрсе емес. Ол жерде жай ғана эмоция. Мүмкін сол бір ыңғайсыздау болып көрінетін шығар көрерменге. Негізі ол суретте ештеңе жоқ. Әр әйел адамның ішінде неше түрлі образдар болады», – дейді Мәдина.
Желіде аяусыз сынағандарға Сәдуақасованың берген жауабы осы. Ал 20 жылдан аса уақыт сахнада жүрген әншінің алып-қашпа сөздерге әлдеқашан еті үйренген.
«Өйткені 5-6 жыл бұрын одан да зорын жасаған болатынмын фотосессияның. Бірақ білмеймін неге екенін осы суреттің соншалықты дау шығарғанын. Бұрындары жүрегімізге өте қатты жақын алатынбыз. Тіпті жылайтынбыз. Неліктен олай жазып жатыр, неліктен деп», – дейді Мәдина Сәдуақасова.
Жақында ғана желіде бидің түбін түсірген Мәдина мен Сәкеннің биі де жұртқа жақпай қалған еді. Әріптестердің қимыл-қозғалысын желіден тамашалағандар бірден жақтырта қоймаған.
«Сәкен екеуміз сол 90 жылдағы әндерді өте қатты жақсы көреміз. Сондықтан соны естіген кезде біз екеуміз билеп кетіп едік, ол да желіні кәдімгідей жарып, барлығы жазып, сынап… Несі бар? Ол жай ғана би. Онда тұрған ештеңе болған жоқ», – дейді әнші.
Stan.kz
28 қыркүйек 2018 ж. 2 818 0