Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұят емес: Желіде жалаңаш суреттерін ашық жариялауды әдетке айналдырған қазақ қызы өз әрекетін түсіндірді

Ұят емес: Желіде жалаңаш суреттерін ашық жариялауды әдетке айналдырған қазақ қызы өз әрекетін түсіндірді

Желіде тәнін жалаңаштаған суреттерін жиі жариялап, тіпті ішкиімсіз күйінде көйлегінің етегін ашқан видеосы тараған Карина есімді бойжеткен бүгінде танымалдық ала бастаған. Мұндай қылығынан кейін желідегі оқырмандарының саны да артқан. Алайда мақсаты парақшасы арқылы табыс табу еместігін айтқан бойжеткеннің өз әрекетіне қатысты берер жауабы да дайын.

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасының «Пендеміз ғой»бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Каринаның айтуынша, желіде жалаңаш суреттерін жариялауына жеке өміріндегі жағымсыз жағдай себеп болыпты. Осылайша бұрынғы жігітімнің ішін күйдіргім келді, деп мойындайды ол.
«Бастапқыда желідегі парақшама өмірдегі қарапайым суреттерді салып жүрдім. Жеке өмірімде басымнан ауыр кезең өтті. Дәлірек айтқанда, жігітім тастап кетті. Соған ашуланып, әлеуметтік желіде жалаңаш суретімді жариялап жібердім. Осыдан кейін менде жалаңаш фотосессия болды. Ол маған қалыпты жағдай көрініп, жалаңаш суреттерімді жариялай бастадым», – дейді өз әрекетін түсіндіруге тырысқан Карина.
Каринаның қазіргі жігіті бастапқыда сүйіктісінің жалаңаш суреттерін жариялай бастағанына қарсы болған. Алайда уақыт өте келе мән бермейтін болыпты.
Өз сөзінде Карина өзіне түрлі сындар жиі айтылатынын жасырмады. Десе де пікірлердің көбіне ренжімейтінін айтқан бойжеткен тек ата-анасын тілдейтіндерді ұнатпайтынын жеткізді.  Бойжеткеннің сөзінше, оның бұл арсыз әрекетіне анасы, туыстары қарсы көрінеді. Десе де олар да Каринаның ерсі қылығына еті үйреніп, көндіккен тәрізді. Ал тәнін жалаңаштаған қыздың өзі бұл әрекетін ұят санамайды.
«Ұят деген адамгершілік қасиетке қатысты шығар. Яғни алдау, досын сату, екіжүзділікті ұят деп білемін. Кім қалай ойлайтынын білмеймін, жалаңаштану мен үшін қалыпты. Маған адамдарды ашуландырған ұнайды», – дейді ол.
Бағдарлама барысында студиядағы жас жігіттердің бірі қыздардың бетімен кетіп, тәнін жалаңаштауы бей-жай қарайтын жағдай емес екенін айтты. Мұндай мәселенің шешімін табу керек дейді, ол.
«Үйде қарындасым бар. Қыз тәрбиелеп отырған адамбыз. Ол Осындай қылық шығарып жатса, не болатынын білмеймін. Бұл қыздардың киімінен бөлек, ішетін, шегетінін айтпай-ақ қояйық. Біз мұны бей-жай қалдырмай, жағдайдан шығар жолды іздеуіміз керек. Көрінген жігіт көріп, «күшті», «әдемісің» деген пікір айтқан сайын, мұндай қыздар құтыра береді. Масаттанып, өздерін керемет деп ойлайды. Алайда жігіттер оларды бір-ақ нәрсе үшін пайдаланады. Басқа ештеңеге керек емес», – дейді Арман есімді студия қонағы.
Stan.kz
28 тамыз 2018 ж. 4 052 0