Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Түркістан облысында түлектер 4 баланың анасына үй алып берді

Түркістан облысында түлектер 4 баланың анасына үй алып берді

Түркістан ауданының Түлкібас ауданында мектеп бітірушілері үйді көпбалалы отбасыға пәтер сыйлады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 1999 жылғы түлектер 20 жылдық мерейтойы қарсаңында көпбалалы анаға пәтер сатып алып берді. Олар "Алтын ұя" жобасын қолдап, 4 баланы жалғыз асырап отырған анаға үй сыйлады.
Осы уақытқа дейін Мичурин совхозының қызметкері Назира Жапарқұлқызы Таусағыз кентіндегі жалдамалы пәтерде тұруға мәжбүр болды. Қазір ол декреттік демалыста. Мұндай игі іс Түлкібас ауданында бірінші жағдай емес. Өткен жылы осы мектеп бітірушілері жеті баланың анасына аудан орталығынан 4 бөлмелі үй алып берді.
http://stan.kz
26 мамыр 2019 ж. 778 0