Батыста жаңбыр, шығыста қар жауып, тағы бірнеше өңірде күн суиды

Қызылорда облысының кей жерлерінде 15-20 м/с жел соғып, шаңды дауыл тұрады. Түркістан, Қарағанды, Жамбыл, Ақтөбе облыстарында да 15-20 м/с жел соғады. Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында тұман түседі, жел күшейеді. Алматы облысында найзағай ойнайды, 15-20 м/с жел соғады. Ақмола, Павлодар облыстарында тұман түседі.
Нұр-Сұлтанда 2 градус, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында 3 градус, Шығыс Қазақстан облысында 1-6 градус ызғар болады. Жамбыл, Ақтөбе, Қызылорда, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде дала өрті қаупі күшейеді.