"Құрамында ұлым да бар": Сейфуллин Жолбарыс жаңа ансамбль құрып, күйтабақ жазбақ

"Жеке шығармашылығыма келсек, жақында Нұр-Сұлтан мен Алматыда концерт бердім. Мен қазір "Жолбарыс band" деген атпен ансамбль құрып жатырмын. Сонымен қатар, күйтабақ шығару тоқтады ғой мүлдем. Соны қолға алып, жаңа күйтабақ шығарсам деймін. Өйткені шетелде жүрген кезде күйтабақ сұрайды. "Жолбарыс band" атты құрамада ұлым Бейбарыс та гитара аспабында ойнайды", - дейді Сейфуллин Жолбарыс.