Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Алматыда тұрғындар дәл тұрғын үйлердің жанына жаңа зират салынуына қарсы шықты

Алматыда тұрғындар дәл тұрғын үйлердің жанына жаңа зират салынуына қарсы шықты

Алматы тұрғындары тұрғын үйлердің жанында бой көтеретін жаңа зираттың құрылысына қарсы наразылық білдіріп жатыр. Жерлеу және санитарлық аймақтар үшін мегаполистің тау бөктерінен 92 гектар жер қоршалып қойды,

Қаланың шуынан қашқан Жәнібек Әжмұханов өткен жылы қала сыртынан жаңа үй сатып алды. Оның айтуынша, коттедж өте қолайлы жерде бой көтерген, яғни таза ауа, таудың етегінде. Дегенмен, Жәнібек жақын арада оның үйінің түбінде зират болады деп мүлде болжаған жоқ. Жаңа зираттың қоршауы Жәнібектің аумағына тиіп тұр.
Ал, зиратқа көршілес жатқан «Думан» секілді жақын аудандар мен және бірнеше қала маңындағы массивтердің тұрғындары бұған қуанып отырған жоқ. Алматы билігі болса, қалада зираттарға арналған бос орын жоқ екенін және қазіргі зираттарда орын қалмағанын атап өтті. 
"Бір аптаның ішінде тез тұрғызып алдық. Бізге мұнда зират болатынын айтты. Бірақ, бұған дейін ешкімнен, бізден рұқсат сұраған жоқ. Әрине, бұл кімге ұнайды. Біздің үйден бір жарым метр жерден кейін зират басталады",- дейді Алматы тұрғыны Жәнібек Ажмұханов.
Жақын уақытта «Думан» шағынауданының көшелерінен жерлеушілер өтетінін тұрғындар бірнеше ай бұрын ғана білді.
"Шағынауданның тау бөктерінде көптеген су шығаратын қондырғылар бар, оңтүстік беткейде өзен бар. Ол бізді сумен қамтамасыз етеді. Менің ойымша, бұл мүлдем дұрыс емес. Кейіннен не болатынын елестете аласыздар ма?",- дейді Алматы тұрғыны Назира Махамбетова. 
"Бұл мазар бизнесі. Бүкіл қала 5-тен 10 мың долларға дейін тұратынын біледі. Бүкіл қала мұнда жердің өте қымбат екенін жақсы біледі", - дейді тұрғындардың бірі Берік Қарабаев. 
Аудандық әкімдіктегілер жаңа зират салуда санитарлық нормалар бұзылмағанын айтады.
"Санитарлық аумақ деген бар. Ол жердегі 6-7 үйді жерді басып алып салғандар бар. Біз оған мән бермей, айналып өттік. Сол себептен жоба бойынша, барлығы санитарлық нормаға сәйкес салынды. 300 метрдей санитарлық аумақ бар. Ол жерде адамдар жерленбейді", - дейді Жетісу ауданының әкімі Мұхтар Тәжібаев.
Билік жерлеу үшін Алматы облысынан аумақ беруді сұраған. Алайда мамандар ол жақта бос жер қалмағанын айтады. 
"Біз облысқа бірнеше рет жер сұрап хат жазған болатынбыз. Соның ішінде қала аумағына жақын жерден екі ұсыныс болды. Олардың бірі Шамалған елді-мекені мен Талғар ауданына қарасты «Қызыл ту» кенті. Алайда ондағылар аталған жер бос еместігін айтты", - дейді "Салттық қызмет көрсету орталығы" ЖШС директорының орынбасары Марат Исмаилов.
Жаңа зираттың қашан жұмыс істей бастайтыны әзірге белгісіз. Қазір аумақта жол салынып, жарықтандырылуда.
http://stan.kz
30 мамыр 2019 ж. 803 0