Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Депутат: Мен сарқыт алмаймын, ер адамдарға бұл жараспайды

Депутат: Мен сарқыт алмаймын, ер адамдарға бұл жараспайды

Парламент депутаттары "тойдан сарқыт алу керек пе?" деген сауалға жауап берді. Бас санитардың сарқыттан бас тарту туралы ұсынысына шенеуніктер қалай қарайды?

Бұған дейін еліміздің бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин сарқыттан түрлі ауру жұғатынын айтып, сарқыт алмауға кеңес берген еді. Бұл ұсыныс тұрғындар арасында дау тудырды. Ал, депутаттардығғ өз айтары бар. 
"Жандарбек Бекшин дұрыс айтқан жоқ. Бұл біздің мәдени дәстүріміз. Меніңше, қоғам сарқыттан бас тартуға дайын емес. Әсіресе, ауылдық жерлерде. Сарқыт алатын адам жай ғана қандай тағам алып жатқанына қарау керек", - дейді депутат Бахтияр Мәкен. 
Ал, мәжіліс депутаты Тұрғын Сыздықов бұл пікірге қарсы. Керісінше дәрігерді қолдады. 
"Бас санитарды тыңдау керек. Уақыт өзгереді. Бұрын үлкендер тойға кеткенде, бала-шағасы тойдан сарқыт күтіп отыратын. Ал, қазір көпшілігі бас тартуда. Дастарханнан тамақ алу ерсі көрінеді. Мен сарқыт алмаймын. Ер адамдарға жараспайды. Ер адамдар ешқашан сарқыт алмаған. Отбасымда да ешкім дастарханнан сарқыт алмайды", - дейді Сыздықо
в.
http://stan.kz
30 мамыр 2019 ж. 720 0