"Сіздің балаларыңызға арнап": Алсудың қызы бір миллион рубльді қайырымдылыққа жұмсады

Қорды 2003 жылы Владимир мен Марина Вавиловтар 5 жасында рактан қайтыс болған қыздары Анжеланың құрметіне арнап ашқан. Олар Татарстандағы онкологиялық ауруға шалдыққан балаларға қолдау көрсетеді.
Естеріңізге сала кетейік, Ержан Максимді "Голос. Дети" байқауының әділқазылары да қолдап, жеңіске жетуге лайық деп тапқан болатын. Алайда, Алсудың қызы Микелла Абрамованың жасанды жолмен дауыс жинауы қазақстандық жігітке жеңіске жетуге кедергі болған. Зерттеу нәтижелері бойынша Микелла Абрамованың жеңісі күшін жойған.