Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Арықтау керек деп бетіне айтамын": Алтынай Жорабаева қыздарын қалай тәрбиелейтінін айтты

Арықтау керек деп бетіне айтамын": Алтынай Жорабаева қыздарын қалай тәрбиелейтінін айтты

Алтынай Жорабаева қыздарының сырт келбетіне қатты мән беретінін жеткізді,

Белгілі әнші Алтынай Жорабаеваның бала тәрбиесінде біраз тәжірибесі бар. Төрт қызын алақанына аялап өсіріп отырған өнер иесі қыздарына қандай кеңес беретінін жасырмады. Алтынай Жорабаева перзенттерінің сыртқы келбетіне аса мән беретін сыңайлы.

"Бәріне спортпен, бимен айналысу керек деп айтып отырамын. Қыз баласы болғаннан кейін, дене бітімі, түр-әлпеті бәрі бір-біріне жарасып тұруы керек. Мен қыздарымның толып кеткенін қаламаймын. Қазірдің өзінде, 9 жастағы Семанұрым зиянды тамақты тұтына бастаса, мен толып кетесің, көп жеме деп ескерту жасап отырамын", - дейді Алтынай Жорабаева.

Қыздарының қылықты болып, сырт келбеті мен жан дүниесінің көркем үйлесім табуына бар күшін салып жүрген өнер иесі, артық тамақ жеп қойса ұрсып алатынын жасырмады.

"Үлкен қызым да демалыста ауылдан салмақ қосып келсе, арықтау керек, жүгіру керек деп бірден бетіне айтамын. Кішкене ғана өздерінен кемшілік көрсе, беттеріне басып айтамын. Өздері де соны тез қолға алуға тырысады", - дейді Алтынай Жорабаева.

http://stan.kz 

03 маусым 2019 ж. 1 134 0