Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Құдайға шүкір, Мұхаммед есімді ұлым дүниеге келді": Данияр Елеусінов екінші рет отбасын құрғанын айтты

"Құдайға шүкір, Мұхаммед есімді ұлым дүниеге келді": Данияр Елеусінов екінші рет отбасын құрғанын айтты

Жуырда танымал спортшы Данияр Елеусінов кішкене сәбимен түскен суретін бөлісіп, жұрттың назарын өзіне аударған болатын. Көпшілік ол екінші рет отбасын құрды деп болжады. Кейін бұл қауесетті боксшының өзі растады,

"Екінші ұлым дүниеге келді. Құдайға шүкір, жанұям бар. Екінші ұлымның есімін пайғамбарымыздың құрметіне арнап "Мұхаммед" деп қойдым. Идея өзімдікі болғанымен, әкемнен рұқсат сұрадым. Жалпы ол кісі мұндай атқа қарсы бола қояды деп ойламаймын. Себебі пайғамбардың есімі - мұсылман қауымы үшін ең күшті ат", - деді спортшы. 
Әрі қарай ол үлкен ұлының екі үйде кезек-кезегімен тәрбиеленіп жатқанын айтты. Бұған экс жұбайымен үйінің бір көшеде орналасуы себеп. 
"Анасы жұмыс жасайтындықтан көбінесе менікінде. Демалыс күндері барып тұрады. Толықтай менің қолымда деп те айтуға болмайды. Себебі, анасы ренжіп қалып жүрер. Анасын өте қатты жақсы көреді. Мен де құрметтеймін, сыйлаймын. Мен шетелде жүргендіктен, қатты сағынады", - деді Данияр Елеусінов. 
Сондай-ақ, ол отанға орала салысымен ұлына көбірек көңіл бөлуге тырысатынын айтып өтті. 
Естеріңізге сала кетсек, жуырда Данияр Елеусіновтің екінші перзентімен түскен суретін жариялағаны туралы хабарлаған едік.
03 маусым 2019 ж. 1 253 0