Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Қазақтың ерке қызысың": Мақпал Жүнісоваға ән арнаған азамат жұртты сүйсіндірді

"Қазақтың ерке қызысың": Мақпал Жүнісоваға ән арнаған азамат жұртты сүйсіндірді

Белгілі әнші Мақпал Жүнісоваға әнін тарту еткен өнер иесі жұртты таңдандырды,

Бұл жайлы Мақпал Жүнісова әлеуметтік желідегі парақшасында жазып, видео жүктеген. Бақытжан Битіков есімді сазгердің қазақтың бұлбұлы Мақпал Жүнісоваға әсерлі ән арнауын тарту еткен. Ақтаулық өнер адамына Мақпал Жүнісова алғысын білдірді.
"Ақтаулық Бақытжан бауырым маған ән арнау айтып, Заттыбекке апама жеткіз деп өтініш еткен екен. Аманат деп Заттыбек маған жіберіпті, үлкен раxмет, ғұмырлы болыңыз, Баке!" - деп жазды Мақпал Жүнісова.

Мақпал Жүнісованың жазбасына автордың өзі де пікір қалдырып, туындыны жазудағы мақсатын түсіндіріп берді. 
"Ассалаумағалейкум, өнер сүйер қауым! Авторы ретінде Мақпал апама сый. Туындыны өнерді қолдаушы, жанашыр жан болған соң жаздым. Неге тірісінде жақсыларды бағаламасқа деген ойдан туған еді. Мақпал апам қазақ елінің мақтанышы. Аман бол, апа!"

http://stan.kz 

04 маусым 2019 ж. 1 038 0