Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Адам емес, қорқаусыңдар": Алсу өзін айыптаған желі қолданушыларына жауап берді

"Адам емес, қорқаусыңдар": Алсу өзін айыптаған желі қолданушыларына жауап берді

Әнші Алсу Instagram қолданушыларына ұрысып тастады. Жан жағынан табалаған желі оқырмандарын қорқауға теңеді.

Әнші желі қолданушыларынан шабуылдауды, теріс пікір жазуды тоқтатуды сұрады. 
"Әбден мезі еттіңдер. Бізден әрі қарай кетіңіздерші. Адам емес, қорқаусыңдар", - деп жазды әнші парақшасында.
Кейінірек жазбасын өшіріп тастады. Алайда желі қолданушыларының көпшілік әншінің не жазғанын байқап қалып, ол үшін де сөгіп жатты. 
Алсу мен оның желідегі қолданушылары арасындағы дау "Голос. Дети" байқауынан басталды. Байқаудың әділетсіз өткені анықталып, екінші мәрте өткен болатын. Зерттеу нәтижелері бойынша Алсудың қызы Микелла Абрамованың жеңісі күшін жойған.

http://stan.kz 

04 маусым 2019 ж. 472 0