"Өз үйімізге кірсек деп тілеймін": Шымкентте шатыр астында өмір сүріп жатқан отбасы ойда жоқта баспаналы болды
Шымкентте лашықта тұрып жатқан отбасы баспанаға қол жеткізді. Барар жері, басар тауы қалмаған Смайыловтар жанұясын Қаратау ауданының әкімдігі уақытша тұрғын үйге орналастырды. Сондай-ақ, жергілікті билік олардың құжаттарын қайта рәсімдеп, жәрдемақы алуға көмектеспекші.
Кеше ғана лашықта тұрып жатқан шымкенттік отбасының тағдыры бір-ақ күнде өзгеріп сала берді. 4-ші перзентін күтіп жүрген Смайыловтар жанұясы бүгін ойда-жоқта баспанаға қол жеткізді. Сөйтті де, дереу осында көшіп келді,
Бір бөлмелі баспана ерлі-зайыптылар мен олардың үш перзентіне уақытша берілген. Тұрғын үй мәселесі түпкілікті шешілгенше осында тұра бермек. Алғашқы пәтер ақыны демеушілер төлеп берген.
«Уақытша отырсам да, осы баспанадан шықпай, Құдай қаласа, өз үйімізге кірсек деп тілеймін», - дейді отанасы Меруерт Архарбекова.
«Жығылғанға жұдырық» демекші, отағасының қарызданып сатып алған жер телімі басқа мақсатқа арналған болып шықты. Бұрынғы жердің қожайыны 10 сотық жер телімін бұларға алдап сатып кеткенге ұқсайды. Отағасы жерді кезінде әлдекімнен 1 миллион теңгеге сатып алыпты. Енді тұрғын үйдің құрылысын бастағалы тұрған уақытта бұл жерден үлкен дау шықты. Сөйтсек, бұл аумақ тұрғын үйге емес, автокөлік жолына арналған жер екен.
Әлгі алаяқ дәл осындай әдіспен бірнеше жер телімін сатып үлгерген екен. Былтыр істі болып, сотталып кетіпті. Отағасы бүгін оның үстінен полицияға арыз түсіріп үлгерді.
«Жаңағы жерге 1 миллион теңгеге келіскенбіз. Мен 500 мыңға көлік бергенмін. Қалған 500 мыңды әр жерге құжаттарымды өткізіп, әйтеуір, пайызға ақша алып бергенмін. Ол кісілер енді көлікті қайтарамыз деп отыр. Ал ақшаны білмейміз дейді», - дейді отағасы Бағдат Смайылов.
Енді Қаратау ауданының әкімдігі отанасының кезінде әлдекімге жер алу үшін қарыз алғанда өткізген құжаттарын қайтарып бермекші. Сөйтіп, атаулы әлеуметтік көмек алуға жәрдемдеспек.
«Қазіргі таңда бізге «Ізгілік» деген қор өтініш білдіруде. Меруерт Архарбекованың әлеуметтік жағдайы туралы анықтама берсек, ол отбасыға жер алуға, баспана салуға көмек береміз деп отыр», - дейді Қаратау ауданы әкімінің орынбасары Марат Тәжібаев.
Еске сала кетсек, бұған дейін шымкенттік отбасының лашықта өлместің күнін көріп отырғанынхабарлаған едік. Ас-суды алыстан тасып ішіп, лашықта өмір сүруге мәжбүр болғандардың өмірі енді жаңа арнаға бет бұрғандай.