Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Жақсы киінуші едім": Жүрсін Ерман әйелін қалай қаратқанын айтып күлдірді

"Жақсы киінуші едім": Жүрсін Ерман әйелін қалай қаратқанын айтып күлдірді

Жүрсін Ерман әйелі Бақытжамал Ерманованы қалай қаратқанын айтып берді,

Белгілі журналист, айтыс жанашыры Жүрсін Ерман өмірлік жарымен бозбала шағында танысқанын айтты. Мектеп бітірмей жатып, бір-бірін ұнатқан ғашықтар жоғарғы оқу орнына да бірге тапсырған көрінеді. Әйелім сәнді киімдеріме қызықты деп қалжыңдады журналист.
"Киноға барса кассаның алдында тұрамын, дүкенге барса жолдан өтем. Жеңге, әпкелерімді, інімді салып қойдым. Баратын жер қалдырмадым. Апам сәнді киімдерді маған алып береді. Сылаңдап жүремін, шашым қалың, әдемі жігітпін", - деп мақтанды Жүрсін Ерман.
Сонымен қатар, Жүрсін Ерман әйелін қалай қаратқанын жасырмады. Бойындағы жақсы қасиеттерді көрсетіп, артынан қалмай жүріп, мойын бұрмаса да қызықтырдым дейді ол.
"Маған неге қызықпайды? Газетте істеймін, өлең жазамын. Екі өлеңнің бірі Бақытжамалға арналып шығып жатады. Суретін түсіріп, "Қазақстан әйелдері" журналына шығарып, тіл табыстық", - дейді Жүрсін Ерман.
http://stan.kz
05 маусым 2019 ж. 1 751 0