Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Біз туралы түрлі әңгіме айтылды": Назарбаев Әйтімовамен таныстығы туралы

"Біз туралы түрлі әңгіме айтылды": Назарбаев Әйтімовамен таныстығы туралы

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев депутаттарға "Құрметті сенатор" мәртебесін бергені үшін алғыс айтты. Ол өз сөзінде болашаққа деген жоспары туралы айтып, естелігін бөлісті,

Негізінен Елбасы Бірғаным Әйтімова туралы айтты. 
"Әйтімова екеуіміз бір-бірімізді көптен танимыз. Мен Орталық Қазақстандағы демалыс үйіне барған болатынмын. Екеуіміз сол жерде таныстық. 1990 жылы, сенесіздер ме? Біз әрі-бері қыдырып жүрсек те, бір-бірімізбен жолығып, сөйлеспеген екенбіз.
Бірақ біз туралы түрлі әңгіме айтылды. Содан бері Бірғаным Әйтімова мен тағайындаған дипломатиялық көп қызметті жоғары табыспен атқарып келеді. Бұл тарихтағы үлкен әрі жарқын күндер деп білемін", - деді Назарбаев. 
Ашық дереккөздеріне сүйенсек, Әйтімова осы уақыт аралығында Кеңес балалар қоры қазақ бөлімі басшылығы төрағасының орынбасары қызметін атқарған. 
Еңбек жолын мектеп мұғалімі болудан бастап, Бәйтерек ауданы "Пермь" кеңшары комсомол комитетінің, Орал қалалық комсомол комитетінің бірінші, ЛКЖО ОК-нің хатшысы, жоғарғы кеңес депутаты, сенатор болып жұмыс істеген.

http://stan.kz  

06 маусым 2019 ж. 649 0