"Композитор" атты қазақ-қытай фильмі көрерменге жол тартты

Фильмнің төмендегі құрамы да көрермендер алдына шықты: режиссер Сәбит Құрманбеков, продюсер Қуаныш Ахметов, Қаламқас Арисланованың рөлін сомдаған кішкентай актриса Ділназ Нұрсейіт, қоюшы оператор Лу Хунъи (ҚХР), қоюшы режиссер Лу Юэлинь (ҚХР), және атқарушы продюсер Яо Чуньгуань (ҚХР). Көрсетілімнен соң көрермендер назарына Қаламқас Арисланова мен Сянь Синхайдың қызы Нинаның Қытайда көріскені туралы қысқа деректі фильм ұсынылды. Ду қол шапалақпен сахнаға Қаламқас Арисланова және Бақытжан Байқадамовтың қыздары: Балдырған Байқадамова, Айгүл Байқадамова және Алуа Байқадамова көтерілді. Олар Бақытжан Байқадамов пен Сянь Синхайдың достығы туралы айтып берді. - Сянь Синьхай – маған бақытты балалық шақ сыйлаған адам, - деп толқи сөйледі Қаламқас Арисланова.