Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚАРЫН ШЫҒА БАСТАСА НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

ҚАРЫН ШЫҒА БАСТАСА НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

Қыздар қауымы кішкене толыса бастаса қарнына, беліне не бөксесіне май жиналып шыға келеді. Әлбетте, артық салмақтан арылғымыз келіп, тамақты тарта ішіп, таңертең жаттығу жасап, көбірек қимылдауға тырысамыз. Бірақ, мұның бәрі иық, бет, қолдың ғана арықтауына алып келіп, қалғандары қаз қалпында қала бермек. Яғни бұл әдістер жеткіліксіз. Демек, бұл үшін төмендегі жаттығуларды жасап көргеніңіз жөн. 1. Екі қолды алға созып, тізерлеп тұрып, алдымен сол жаққа, одан соң он жаққа кезек-кезек отыру керек. Жаттығу он рет қайталанады. 

2. Екі аяқты бір-бірінен алшақ қойып, екі қолды жоғары көтерген бойы қолдағы ауыр кітапты біресе оң аяққа, біресе сол аяққа тигізіп жарты шеңбер жасайды. Әр жаттығу бес реттен қайталанады. 

3. Тізерлеп отырған соң сол аяқты сол жаққа қарай созып, сол қолды созған аяқтың тізесіне қойып, оны қолдан бастан жоғары көтеріп, сол қолға тигізу қажет. Кеуде қол созған жаққа қарай еңкейеді, көтерген қолды тізеге қойған қолға тигізуге тырысқан жөн. Екінші жаққа дәл осындай қимыл жасалады. Жаттығу он рет қайталанады. 

4. Енді қолды бастан асыра созып, шалқадан жату керек. Одан екі қолды да, аяқты да созған күйінде көтеріп бір-біріне тигізеді. Қайта қалпына келіп, тағы да жалғастыра түсіп, он рет қайталайды. 

5. Он қолмен сол аяқты бірдей алға созады. Екеуімен де шеңбер жасап, артқа қарай серпіп қалып, қайта қалпына келтіреді. Одан сол қолмен аяқ арқылы, әрқайсысы бес-бестен он рет қайталанады. 

6. Екі қолды денеге тигізе жанға ұстап шалқадан жатады. Созылған аяқты жоғары көтеріп, алдымен солдан оңға, одан оңнан солға қарай кішкентай орындықтан асыра жарты шеңбер жасап бұрады. Аяқты жайлап түсіреді. Аяқты көтерген сәтте демді ішке тартып, аяқты түсірген кезде демді шығарады. Жаттығу он рет қайталанады.

Дереккөз: Reactor
07 маусым 2019 ж. 1 078 0