Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Салт-дәстүріміз керемет қой": Үйінде қоржын жинап отырған Динара Сұлтан жұртқа ұнап қалды

"Салт-дәстүріміз керемет қой": Үйінде қоржын жинап отырған Динара Сұлтан жұртқа ұнап қалды

Қоржын тіккен Динара Сұлтан жұрттың ықыласына бөленді,

Белгілі әншінің қоржын жинаған бейнежазбасы оқырмандарға ұнап қалған. Видеоны Динара Сұлтанның өзі желіде жариялап, жазбасымен бөліскен. Туғандарымен тойға дайындалып отырып, салт-дәстүрді дәріптеп ән салған ол жұртты таңқалдырды.
"Біздің үйде жақында той. Салт-дәстүріміз керемет қой. Тума-туыспен кездесіп, шәй ішіп, әндетіп, қоржын жинасып, шүберек, орамал, мата, кәмпит-сәмпит, алтын-күміс әшекейлерін бөліп, дайындаған сәтіміз. Жастар "Қоқыс жинап не істеп отырсыздар" дейді. Ол дұрыс па? Сіздің пікіріңіз?" - деп жазды Динара Сұлтан.
Тыңдармандары өнер иесінің сұрағына жауап беріп, әншіге қолдау білдірген.
"Қызықтың өзі сол қоқысты салуда ғой", "Қоқысы несі? "Өткеніңді бағаламасаң, болашақ саған тас атады" деген. Өзіндік ерекшелігіміз, енді осыдан айырылсақ, білмеймін онда", "Өте дұрыс, керемет көрініс, үлгі. Салт -дәстүрді сақтау керек, насихаттау керек", - деп жазды жұрт.
http://stan.kz
07 маусым 2019 ж. 1 038 0