Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандықтар көпбалалы аналарға пәтер берілсін деген талапқа неліктен наразылық танытты?

Қазақстандықтар көпбалалы аналарға пәтер берілсін деген талапқа неліктен наразылық танытты?

Көпбалалы аналардың мәселесі және оларға көрсетілетін көмек жайында қоғам ойы екіге бөлініп, қазақстандықтардың арасында қызу талқыланды. Бірі халық санын арттырып жатқан аналарға қолдау ретінде міндетті түрде тегін пәтер берілуі керек десе, екіншісі олардың бір баланы асырап отырған әйелдерден еш айырмашылығы жоқ екенін айтты. Осыған қатысты қоғамның пікірін елеп, елдегі жағдайларға бейжай қарамайтын тұлғалар не ойлайды?

Ержан Рашев, блогер, жазушы
Мемлекеттің міндеті — барлық елді мекендерді: ауыл мен қала тұрғындарын, көпбалалылар мен  бала-шағасы жоқтарды, әйелдер мен еркектерді, жастар мен кәрілерді, оңтүстік және солтүстікте орналасқандарды бірдей мүмкіндіктермен қамтамасыз ету. Барлығына жемқорлық пен туысқандардың көмегінсіз-ақ оқуға, медицинаға, ақша табуға, кәсіпте табысқа жетуге, ақпарат алуға көмектесетін теңдей мүмкіндіктер берілуі керек. 
Бірақ мемлекет теңдей қорытындыларды қамтамасыз етуге міндетті емес. Кез келген тегін пәтер, бірдей жалақы, кешірілген несие — күн-түн демей жұмыс істеген, оқыған, жауапкершілікті алуды үйренген адам мен ешнәрсе істемеген адамның дәрежесін теңестіреді. Бұл әділетті емес. Жауапсыздықты қолдап, қаражаттандырып, жауапкершіліктің артқанын күтуге болмайды.
Әсел Баяндарова, блогер
Көпбалалы аналарды қолдау керек пе әлде олар құр жалқаулар ма? 
Адам өз өмірі, балалалары үшін жауапкершілікті ала білуі керек деп санайтындарға қосыламын. Бұл ақыл тоқтатқан адамның дұрыс позициясы. Сонымен қатар, бірнәрсені бірінші кезекте өзгеден емес, өзіңнен талап ету де ақыл тоқтатқан адамның позициясы. 
Досыңыздан, мемлекеттен артық көмек сұрамайтындай өмір сүру керек. Соған талпыну қажет. Біреудің көмегіне шамадан тыс мұқтаж адам — әлсіз. Осыны түсінген абзал. 
Көпбалалы аналардан батыр жасаудың қажеті жоқ. Бірақ оларды зейнеткерлерді, мүгедектерді, қорғаусыз қалған елді мекендерді қолдағандай қолдау керек. Осылай ғана қазақстандықтардағы негізділіктің орташа деңгейін көтеруге болады. Біреу қайыр тілеп, ақша талап ету ұят екенін, ал тағы да басқалары оның мағынасыз екенін түсінеді. Сонда ненің ұят екенін ұғынған жандар өздерін әлсіз адамдардың қатарына қосуды доғарады. Тағы да басқалары бірізді, қамқор болуды үйренеді.

Мадина Мусина, блогер 

Көпбалалы аналардың көтерілісін сынайтындардың өзі ақорданың жанына келіп бір сөз де айта алмай қалады. Ойланыңыздаршы, көпбалалы аналар батылдық танытып, шағымдарын айтып ақордаға келсе, бұл олардың шаршағандығын білдіреді. Менің позициям өзгерген жоқ: көпбалалы аналарға қолдау көрсететін бірде бір ел жойылып кетпейді.
Осы жазбаның астына желі қолданушылары бір-бірімен жарысып пікірлерін білдірді. Полина Садықова есімді қазақстандық әйелдің сөздері көптеген отандастарымыздың көңілінен шықты
Неліктен көпбалалы ана баласын жалғыз өзі өсіріп отырған анадан, мүгедек баласын бағып отырған анадан, баласы жақсы білім алуы үшін күндіз-түні еңбектенген анадан  көбірек алуы керек? Мысалға деп айтып отырғаным ғой. Неге өмірге көп бала әкеле алатын анаға қарапайым анаға қарағанда көбірек мүмкіндіктер берілуі тиіс. Жалпы аналар туралы сөз қозғап тұрмыз ғой", — деді ол. 
"Олардың мемлекеттен қолдау күтуге құқығы бар. Толықтай қамтамасыз етуді талап етпесе де, қолдауға, оның ішінде Атаулы әлеуметтік көмекті алуға, балабақшаларға балаларын кезекке тұрмай-ақ кіргізуге, жазғы лагерьге жолдамалар алуға, баланың мектепке арналған заттарын түгендеу кезіндегі көмекке құқылы", — деп жазды Сергей Торубаров есімді Facebook қолданушысы. 
Азамат Ерғали, танымал тележүргізуші
Көпбалалы аналарға тегін пәтер беруді талап еткен әйелдің видеосын көрдім. Желіден "ғибратты салық төлеушілердің" оны сынның астына алып жатқанын оқыдым. Салықтар туралы сөз қозғаудың керегі жоқ. Қызық болсын деп серіктестік босануға барыңыздар. Баланы өмірге әкелу үшін ананың қандай қиындықтан өтетінін көрген соң, перинаталдық орталыққа барып, анасы бас тартқан балаларға кіріп шығыңыздар.
Әр әйелдің баланы тууға, өсіруге батылдығы жетпейді. Алаңдағы әйел өз баласын тастаған жоқ. Оны не үшін сының астына алдыңыздар? Шарасыздың күйін кешіп, айқайлағаны үшін бе? Камон! Олай болса мемлекет беретін "Алтын алқа" сынды мадақтамалардың қажеті қанша? Ыңғайы келгенде көпбалалы анаға құрмет дәрежесін ұсына берген кімге керек? Биліктегілер, сіздер үшін көпбалалы аналар масыл ма әлде міндет пе? Осыны анықтап алыңыздар. 
Бұрынғы заманнан бері адам өмірінің құны жоқ. Ал көпбалалылар мұны әлі түсінбеді. Аналардың өз сенімі бар. Бұл сенімді біздің көзімізше аяқ астына таптап жатыр.
http://stan.kz
 
07 маусым 2019 ж. 735 0