Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Шымкенттегі кілемдер дүкенінде ірі өрт болды

Шымкенттегі кілемдер дүкенінде ірі өрт болды

Шымкенттегі кілем дүкенінде ірі өрт болды. Оқыс оқиға 9 маусым болды.

"Есенжол" кілем дүкеніндегі өрт туралы хабар келіп түсісімен өрт сөндірушілер аталған мекенге аттанды.
Төтенше жағдайлар комитетінің мәліметінше, дүкенге өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде қатты түтін болып, кілемдер жанып жатты.
"Өрт сөндірушілердің күшімен 260 шаршы метрді қамтыған өрт жойылды. Өрт сөндіруге 40 адам мен 6 өрт сөндіру техникасы қатысты", - деп хабарлады ведомстводан.
Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
http://stan.kz
10 маусым 2019 ж. 833 0