Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Картоп пен рожкиді қуырып жегім келіп отыр": Анна Данченко тамақ жасай алмайтынын айтты

"Картоп пен рожкиді қуырып жегім келіп отыр": Анна Данченко тамақ жасай алмайтынын айтты

Белгілі тележүргізуші Анна Данченко тамақ жасай алмайтынын айтты

Бала кезін есіне алған тележүргізуші ауылда ет жоқ кездері қалай тамақ жасағандарын айтып берді. Мектеп бітіргенге дейін тамақ жасай алмағанын жасырмады. Кішкентайынан жан-жақты болып өскен Анна Данченко әке-шешесінің жұмыс істетпейтінін айтып жер көке сыйғызбай мақтады. Сонымен қатар өзінің нанды жақсы пісіргенін де айтуды ұмытпады.
"Картоп пен рожкиді қуырып жегім келіп отыр. Ауылдағы көрші құрбыларымның үйлеріне жиі барып тұратынмын. Әдеттегідей шәй ішпей кетпейсің. Құрт, ірімшік, талқан және майға қуырылған картоп пен рожки, етсіз. Ол кездері де еттің бағасы қымбат болатын, тамаққа дәмін келтірер бір екі талын кесіп салмаса, көбіне тамақтың бәрі етсіз болатын. Оның үстіне, сол етті үйдің ер азаматтарына салып беретін. Бізде де солай еді. Мен мектеп бітіргенге дейін тамақ жасамайтынмын, нан пісіретінім болмаса. Себебі анам да, әкем де тамақты өте дәмді дайындайды. Негізі, мен өте оқымысты болғанмын. Сабақ, қосымша, музыкалық мектеп, ағылшын, үйдің шаруасы, жұмыстарым көп еді, сондықтан болар ата-анам мені көп мазаламайтын", - дейді Анна Данченко.
Бала күнінен тамақ жасауды білмеген ол студент болғанда бұл кемшілігім алдымнан шықты дейді. Осылайша, студент шағындағы барлық студент болып қалай тамақ жасағанын еске алды. Оның айтуынша сол кездегі картоп пен рожкидің дәмі әлі аузынан кетпеген.
"Сессия болған кезде ақша жоқ, тамақ бітті, жатақxанада бәрі аш. Соңғы емтиxан алдында бір блокта тұрған қыз-жігіттер болып жиналдық та, асүйге бөлмеде қалған тамақтарды әкелдік. Сөйтіп, бір қазанда рожкидың бірнеше түрі, картоп, күріш, пияз, сәбіз, қызанақ араластырылып қуырылды. Сенесіздер ме - мен сол тамақтан дәмді тамақ жеп көрген емеспін! Дәмі әлі есімде. Тоуффф, кеттім, қуырмаш жасап жіберейін. Астарыңыз дәмді болсын! Түнгі шәй құмарларға менен жалынды сәлем! Жақсылық үшін бір шәйдан алып қойыңыздар!" - дейді Анна Данченко.
http://stan.kz
11 маусым 2019 ж. 1 129 0