Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Аш сияқтысыз": Анна Данченко роллтон жеп, пойызда "қоян" болған қиын күндерін еске алды

"Аш сияқтысыз": Анна Данченко роллтон жеп, пойызда "қоян" болған қиын күндерін еске алды

Белгілі тележүргізуші Анна Данченко студент шағын еске алса, роллтон жегісі келетінін, бірақ жемейтінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.

Жүргізуші әлеуметтік желідегі парақшасында студент кезіндегі қиын шақтарын есіне алып, халықтың жүрегін елжіретті. Анна ханымның бұрындары билет таппай "қоян" болып, купеден купеге секіріп жүрген кездерін көз алдынан өткізді. Бір қызығы журналиске пойыздың қайнаған тіршілігі қатты ұнап, ерекше әсер етеді екен.
«Пойызбен жүрудің өзі ерекше ләззат сыйлайды. Бұрындары билет таппай, Аралдан Ақтөбеге дейін "қоян" болып баратынмын.  "Қоянның аты қоян" - отыр десе отырасың, тұр десе тұрасың. Сөйтіп, қалаға 12 сағатта жететін едім. Пойыздағы атмосфера ұнайтын: у-шу, шәйдің дәмі басқа, тамақтың иісі, жылап жүрген балалар, "шемішке, темекі, бәліш ..."», - дейді Анна Данченко.
Әке-шешесінің қанша қиналып, қарызға тамақ алып беріп жүргенін де өкіне еске алды ол. Анна Данченко вагонның талай рет жүк қоятын қабатында сөмкесін басына жастап ұйықтаған көрінеді. Орынсыз қалған кезде дәлізде тұрып Ақтөбеге қалай баратынын да жасырмады.
«Бірақ, түнгі рейске отырсаң - кәдімгідей мазаң кетеді. Вагонға кіріп алып, плацкарттағы орындардың бәрі бос емес, кейбіреулердің қырсық болғаны соншалықты, орындарына отырғызбайтын да еді. Кейін, үшінші полкаларға қарай бастадым. Заттар тұратын жерге өзім жатып алатынмын. Басыңа сол зілзала сөмкені қойып аласың да, аяғыңды созып, әлемдегі ең бақытты адамның күйін кешесің. Затыңды үнемі біреу алып кететін сияқты болып тұрады. Сондағы жүгің: май, 5 кг картоп, рожки мен 2 кг ет. "Сол тамақты Ақтөбеден де алуға болатын еді ғой, тасып жүрем ба" деп анама айтып қоямын. "Өзіміздікі дәмдірек" дейтін әкем. Кейін түсіндім ғой, оның бәрін қарызға алып беріп, бөліп төлейтіндерін», - деді Анна Данченко.
http://stan.kz
06 мамыр 2019 ж. 1 127 0