Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандық ару футболдан әлем чемпионына тұрмысқа шықты

Қазақстандық ару футболдан әлем чемпионына тұрмысқа шықты

Жас жұбайлар былтыр желтоқсан айында отау құрған екен, алайда бұл жаңалық енді ғана белгілі болып отыр
Қазақстандық модель Анна Шарипова мен оның жігіті – Германия футбол құрамасы мен дортмундтық «Боруссия» ойыншысы Андре Шюррле үйленді.
Екі жас құпия түрде некелескен, деп хабарлайды Sports.kz.
Жас жұбайлар былтыр желтоқсанда Германияда Шюррленің туған қаласында отау құрыпты. Алайда бұл сүйінші хабар халыққа енді ғана жетіп отыр.
Анна Шарипова соңғы айларда сол қолындағы саусағына таққан жүзігін суретін әлеуметтік желіде жиі жариялап жүрген еді, бірақ Германияда әдетте неке сақинасын оң қолға тағады, сол себепті оның күйеуге шыққанын ешкім білмей келген.
Модель аяғының ауыр екенін де хабарлады.
Анна Шарипова Қазақстанда дүниеге келген, қазір Берлинде тұрып оқиды әрі модель болып жұмыс істейді.
Андре Шюррле – футболдан ұлттық құраманың мүшесі, 2014 жылы әлем чемпионы атанған, сондай-ақ Еуро-2012 және Еуро-2016 турнирлеріне қатысты.

15 ақпан 2019 ж. 1 226 0