Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Теміртау тұрғыны сатып алған тауық етінің арасынан екпе инесін тауып алды

Теміртау тұрғыны сатып алған тауық етінің арасынан екпе инесін тауып алды

Теміртау тұрғыны тауық сорпасын жасап жатып екпе инесін тауып алды. Ал, жергілікті өндіріс орны мұны өзгелердің қателігі деп отыр.

Жергілікті өндіріс орны өнімнің ішінен шыққан екпе инесін зұлымдық ойлаған бәсекелестерінің әдейі жасағаны деп отыр,  
"Бұндайдан кейін тауықты қалай сатып алуға болады. Бұл тіпті кешірілмейтін жағдай. Инені қалай жіберуге болады. Өздері тексерсін, ақылы болғандықтан тексеруге берген жоқпын", - дейді тұрғын Гүлнәр Ілдебаева.
Қазақстанның құс өндірісі кеңесі Қазақстан мен Беллоруссияда шығарылатын өнімдерге екпе салмайтынын айтады. Кейбір ресейлік және украиналық сатушылар осындай арам пиғылын іске асырып жататын көрінеді. Сонымен қатар шетелдік өндіріс орны жергілікті маркамен өз өнімін шығарады деген дерек бар.
Өндіріс компаниясында өнімге екпе салынбайтынын және тауар сертификатталған түрде келетінін, барлық мемлекеттік талапқа сай екенін мәлімдеді. Өнімнің бәрі адам қолымен қорапқа салынатынын атады.
Олар сатып алушыларға тауарды дүкенде тексеріп алуға, күмәнді жағдайда тұтынушылардың құқығын қорғау үшін басқармаға, ішкі тексеріс жүргізуі тиіс өндіріс орнына хабарласуға кеңес берді.

http://stan.kz  

11 маусым 2019 ж. 563 0