Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мас болған: Алматыда мектеп меңгерушісі мен мұғалімінің балаларды ұрғаны туралы

Мас болған: Алматыда мектеп меңгерушісі мен мұғалімінің балаларды ұрғаны туралы

Желіде Алматы қаласында мектеп меңгерушісі мен дене тәрбиесі пәнінің мұғалімінің қатысуымен болған оқиғаның видеосы тарады. Видео авторының сөзінше, олар мас күйінде екі оқушыны ұрып-соққан,

Желідегі ақпаратқа сәйкес, оқиға 10 мамырда орын алған. Бірнеше оқушы мектеп маңында серуендеп жүрген кезде екі мас ер адам келіп, оларға тиісе бастаған. Олар балалардың мопедін теуіп, өздерін де тепкілеген екен. Тіпті, біреуінің бетінен ұрып жіберіпті. Артынша балалар ата-аналарын көмекке шақырған. Анықталғандай, ер адамдар №160 мектептің қызметкерлері болып шығыпты. Бірі мектеп меңгерушісі болса, екіншісі дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі болып жұмыс істейді.
«Бұл дерек бойынша Алатау аудандық полиция басқармасына арыз түсті. Қазір  мәселенің мән-жайы анықталып жатыр. Барлық заң талаптарына сай тиісті шара қабылданатын болады», - дейді полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек. 
Ал оқиғаға қатысты түсініктеме берген №160 мектептің директоры қызметкерлерінің 1 маусымнан бері еңбек демалысында екенін айтты.
«ҚР Еңбек кодексіне байланысты болған оқиғаға бейнетүсірілімдегі тұлғалар өздері жауап беруі тиіс. Өйткені, біріншіден олар еңбек демалысында. Екіншіден, бұл оқиға мектеп территориясында болған жоқ. Қай жақта болғанын білмеймін. Иә, мектеп басшылығы жауапкершіліктен жалтара алмайды. Бұл қызметкерлерге қатысты шара қолдану мәселесі олар тек еңбек демалысынан шыққан соң ғана қолға алынбақ», - дейді мектеп директоры Гүлнәр Дәулетова.
11 маусым 2019 ж. 1 067 0