Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Оқушыға дауыс көтерген шымкенттік мұғалімге қатысты басқарма мәлімдеме жасады

Оқушыға дауыс көтерген шымкенттік мұғалімге қатысты басқарма мәлімдеме жасады

Шымкент қаласының білім басқармасы А.С.Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназиясында орын алған келеңсіз жағдайға қатысты мәлімдеме жасады деп хабарлайды NUR.KZ.
Мекеменің мәліметінше, қазір тексеріс жұмыстары жүріп жатыр.
"6-сынып оқушысына қазақ тілі пәнінің мұғалімі үй тапсырмасын қате орындағаны үшін дауыс көтеріп, қателігін түзеу туралы ескерткен. Мектеп медбикесі Ш. Абдукаримова оқушының дене қызуын, қан қысымын және жүрек соғуын тексеріп көмек көрсеткен. Жедел жәрдем қызметі ауруханаға апарып, "Анықталмаған асқынған бронхит (острый бронхит неуточненный) диагнозын қойып, оқушыны үйіне жіберген. Бүгінде басқарма тарапынан зерделеу жұмыстары жүргізілуде. Тексеру қорытындысы бойынша алдағы уақытта заң шеңберінде шара қолданылатын болады", - дейді Шымкент қалалық білім басқармасының басшысы Ақерке Абылайхан.Еске сала кетсек, ақпанның 28-і күні Шымкент қаласындағы А.С. Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназиясында мұғалімнің айқайынан соң 6-сынып оқушысының жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілгені хабарланған еді.
Дәрігерлер алғашқы медициналық көмек көрсеткен соң бала үйіне қайтарылған. Қазір мәселенің ақ-қарасы анықталып жатыр.
kaz.nur.kz
05 наурыз 2019 ж. 1 233 0