Құрылыс қарқынды жүруде

- Мектеп құрылысы жоспарланған қарқынмен жүргізіліп келді. Негізгі жоба 2017-2018 жылдарға арналған еді. Жобаның сметалық құны – 814 645 мың теңге. Атап айтар болсақ, 2017 жылға 225 000 мың тенге бөлінсе, 2018 жылға қаралғаны – 414 678,3 мың теңге қаралды. Жаңа мектепте спортзал, асхана, 10 сынып бөлмесі, 2 мультимедиялық және 1 лингафондық кабинет, әкімшілік, медициналық, шаруашылық сынды қосымша кабинеттер болмақ. Сонымен қатар мектеп ауласында волейбол ойынына арналған алаңның болуы жобаланған. Қазіргі таңда мектепте соңғы құрылыс жұмыстары жасалуда. Есіктері мен соңғы сылақ, ауланы абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр. Жылу жүргізілді, терезелері қондырылды-дейді білім ұясының басшысы.
Бүгінде мектепті жылумен қамтитын жылужайдың құрылысы аяқталған. Өрт сөндіруге арналған құрал-жабдықтарда орнатылды. Осылайша құрылыс жұмыстары қарқынды жүруде. Қажетті материалдардан ешқандай кідіріс жоқ. Білім ордасындағы балалар саны биыл 1000 ға жуықтады. Алдағы уақытта заманауи үлгіде бой көтерген жаңа мектепте оқушыларымыз өз білімдерінің сапасын арттыра беретін болады.
С.Үсенқұлова