"Талғамсыз образ": Құралай Нұрқаділова Димаштың тыңдармандарының құрбаны болды

Бұл оқиғадан кейін он екі жылдан бері өзінің ерекше талғамымен талай өнер адамын сахнада жарқыратқан Құралай Нұрқәділованың қарымы басылмақ емес. Дизайнерің айтуынша бұл тыңдармандарының махаббатындағы асыра сілтеушілік. Белгілі сәнгер бұл оқиға таныла түсуіме себепкер болды дейді.
"Бұл шығармашылық тұрғысынан алып қарағанда қалыпты құбылыс. Көзсіз ғашықтықтың теріс жағы болады. Тыңдармандар махаббаттарын кері бағытқа өзгертіп, тіпті өшігіп алуы да мүмкін. Біріншіден, мен ешкімнің қалауын орындауға міндетті емеспін. Екіншіден, бұл мені шабыттандыра түсті. Тек танымалдылық жетіспей жүрген еді. Халық өзі танымал етті", - деп жауап берді Құралай Нұрқаділова.
Естеріңізге сала кетейік, Димаш Құдайберген биылғы "Муз-ТВ" музыкалық сыйлығын табыстау рәсімне арнайы шақыртылған қонағы болды. Әнші Игорь Крутойдың "Любовь уставших лебедей" атты туындысын шырқаған.