Алматыда студент қызды туыстары төрт күннен бері іздеп жатыр

Алматы полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілдері 19 жастағы Нура Әл Накауаның жоғалғаны туралы арыз Бостандық аудандық полиция басқармасына түскенін хабарлады. 8 маусымда құқық қорғау органдарыөкілдерінің мәліметінше, ол ел аумағынан шығып кеткен. "Жоғалу дерегі бойынша азаматша Қырғызстанмен шекарадан өткені белгілі болды. Қыз кәмелетке толған. Қазіргі уақытта Қазақстан аумағында іздеу жұмыстары тоқтатылды", - деді Алматы қалалық ПД баспасөз қызметінің өкілдері.
Анасының айтуынша, қызы БАӘ-ден келген күні жоғалып кеткен. "Нура, егер сен біздің хабарламамызды көріп отырсаң, үйге оралшы, барлығы туралы сөйлесеміз, біз сен үшін уайымдап отырмыз", - деді жоғалып кеткен қыздың анасы Гүлзада Тоғайбаева.
Туған-туысқандарының мәліметінше, қыздың телефон өшірілген, бірақ ол әлеуметтік желілерде кейде отырады екен. Алайда ол хабарламаға жауап бермейді.